Батыс Германия полицейлері Ханау қаласында 8 адамды атып кеткен қылмыскерлерді іздестіруді бастады.
Германияның Ханау қаласында сәрсенбі күні кешке екі жерде болған атыс салдарынан 8 адам мерт болып, тағы 5 адам жарақат алды. Бұл туралы Ханаудағы жергілікті полиция өкілдері хабарлады.
Оқиға 19 ақпан күні кешкі сағат 10:00 шамасында қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан екі кальян барында болған. Қылмыскерлер қаланың ортасындағы бірінші барда атыс қаруынан үш адамды өлтірді. Содан кейін Кессельштадт ауданындағы екінші кальян барына барып, бес адамның өмірін қиды.
Билік өкілдері ауданды толығымен қоршауға алды, полиция оларды іздестіріп жатыр. Оқиғаның себебі түсініксіз, полиция азаматтарды оқиғаға қатысты қандай бір мәлімет болса – құқық қорғау органдарымен байланысуға шақырды.