Спорт • 20 Ақпан, 2020

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі айқасындағы қарсыласының есімі анықталды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы 20 рет жеңіске жеткен америкалықпен айқасады. Ол 26 жастағы америкалық Дмитриус Баллард (20-0-1, 13 КО).

Жекпе-жек 28 наурызда Канаданың Монреал қаласындағы бокс кешін ашады. Кештің басты оқиғасы Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) — Мэн Фаньлун (16-0, 10 КО) айқасы болмақ.

«28 наурызда Монреальда Артур Бетербиев титулын қорғайтын шоуды Жәнібек Әлімханұлы мен Дмитриус Баллард жекпе-жегі ашатындығы айтылуда», - деп жазды ESPN журналисі Стив Ким

Бұған дейін Әлімханұлымен айқастан Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Стив Роллс бас тартқаны мәлім болған еді.