Карнатака штаты үкіметінің тапсырысы бойынша Chalanachitra академиясы ұйымдастырған үнді кинофестивалі Азия және үнді киносының конкурстық бағдарламаларын қамтиды, сондай-ақ, фестивальдің «Әлемдік панорама» сынды конкурстан тыс бағдарламасы шеңберінде FIPRESCI және NETPAC жүлделерінің жеңімпаз фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылады. Жыл сайын фестивальге 50 елден 200-ден астам фильм қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи картинасы - «Қазақ хандығы» телехикаясының екінші маусымының кино нұсқасы. Бұл ауқымды тарихи жоба Ұлы дала үшін күрес және қазақ мемлекетінің құрылуы туралы баяндайды. Тарихи кино дилогиясы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы алғашқы «Алмас қылыш» романына негізделген.
Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Centaurus Rustem Abdrashev production компаниясымен бірігіп түсірді.