Руханият • 20 Ақпан, 2020

Абайдың 175 жылдығына орай рухани кеш өтті

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы ақын Абай мен Алаш қайраткерлерінің өмірі мен ел азаттығы жолындағы қайраткерлік істері мен патриоттық рухын бейнелеген рухани кеш  Алматы обылысы Талғар ауданы Т. Рысқұлов атындағы №9 орта мектепте өтті.

Абайдың 175 жылдығына орай рухани кеш өтті

«Әлихан Бөкейханов», «Міржақып Дулатов» , «Ахмет Байтұрсынов» және алғашқы педагог, ағартушы «Ыбырай Алтынсарин» тобына бөлінген топ үш кезеңнен тұратын сайысқа түсті. Біріншісінде, әр топ өздерін таныстырып, Абай және Алаш идеясымен байланыстыра отырып, шағын қойылым көрсетсе, екінші қадамда Абайдың өмірі, өлеңдері, қарасөздеріне байланысты жаңартылған білім беру саласындағы Квес тәсілі бойынша, жұмбақ жасыру, суретке қарап кілт сөздерді табу арқылы Абайдың шығармалары мен өміріне кең көлемде талдау және арнайы оқу ізденісін жүргізді. Ал үшінші кезеңде басқышта Абайдың әндері орындалып, шығармашылыққа еркіндік берілді.  Ұстаздар бар өнерін ортаға салған кеш  жан-жақты дайындықты, ізденісті көрсетті деуге негіз бар. Кешті тамашалауға келген қонақтар сөз құдіретін сезінген кеш болды деп тарқасты.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ