Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Полицейлер кәмелетке толмағандардың тәртібін қадағалаусыз қалдырмайды

459 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтау қалалық ПБ-ның ювеналды полиция қызметкерлері облыстық «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бірқатар рейд өткізді. Шара қадағалаусыз және қараусыз өмір салтын жүргізетін кәмелетке толмағандарды, оның ішінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүргендерді анықтау мақсатында жүргізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер кәмелетке толмағандардың тәртібін қадағалаусыз қалдырмайды

Іс-шара барысында 238 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 158-і ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар 23 кәмелетке толмағандарға қатысты алкоголь және темекі өнімдерін сату фактісі анықталды. Ювеналды  полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы алкоголь өнімдерін сату бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасақтады.

Барлық жеткізілген кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарымен алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша жеке түсіндірме әңгіме жүргізілді, қайталап бұзған жағдайда ата-аналарға балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға материалдар жіберілетіндігі және есепке қойылатындығы туралы ескертілді.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына түнгі уақытта ересектерсіз жүрген 9 бала орналастырылды.

Қызметкерлердің ерекше назарында есепте тұрған тұрмысы нашар отбасылар болды. Балалардың өмір сүру жағдайы, санитарлық жағдайы, тиісті күтіп-бағуы  тексерілді.

Ювеналды полиция желісі бойынша жедел алдын алу іс-шаралары барысында 23 ата-ана анықталып, есепке алынды. Бүгінгі күні 191 қолайсыз отбасы бақылауда тұр, инспекторлар тұрақты түрде оларды тұрғылықты жері бойынша тексереді.

Нәтижесінде қорғау нұсқамасын бұзғаны және жағдайды жақсы жаққа жақсартпағаны үшін 13 ата-анаға қатысты материалдар жинақталып, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді. Ата-ана құқығынан айыру үшін 7 ата-ана, ата-анаға қатысты құқықтардан уақытша айыру үшін 6 ата-ана жіберілді, 2 ата-анаға қатысты материалдар жинақталып балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша материалдық жауапкершілікті қамтамасыз ету, тәрбиелеу, азғындық мінез-құлық және балалардың психологиялық дамуын бұзу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік сотқа жолданды.