Сонымен қатар бір көзден сатып алудың 53 негіздемесінің 5-уі алынып тасталады. Атап айтқанда бір көзден сатып алуға тыйым салынды:
табиғатты пайдалану құқығын сатып алуларда;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды сатып алуларда;
монетарлық қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Ұлттық қорын және зейнетақы активтерін басқару бойынша сатып алуларда;
Халықаралық келісімшарттарына сәйкес жүзеге асырылатын, Үкіметі бекіткен тізім бойынша, сондай-ақ Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру аясында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуларда;
Халқының мәдени мұрасы (тарихи және мәдени ескерткіштері) нысандарын сақтау бойынша жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуларда.
Бір көзден сатып алу аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі «Еңбек» кәсіпорындарының қосалқы мердігерлерді тартуына тыйым салды. Яғни, бұған дейін «Еңбек» кәсіпорындары тікелей мемлекеттік тапсырысты алған соң жазасын өтеушілерді еңбекке тартудың орнына, барлық жұмыс көлемін қосалқы мердігерлікке тапсыруды әдетке айналдырған еді. Енді бұған жол берілмейді.
Бір көзден мемлекеттік сатып алу үлесі 2018 жылғы 72%-дан 2019 жылы 49%-ға дейін қысқарды. Бір көзден сатып алу негіздемелерін қысқарту арқылы бұл көрсеткішті 35%-ға дейін төмендету жоспарланған.
Аталған шаралар бәсекелестік ортаны көбейтуге мүмкіндік береді және үнемдеуде оң әсерін тигізеді. 2019 жылы мемлекеттік сатып алулардағы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады (2016 жылы – 173 млрд теңге, 2017 жылы – 250 млрд теңге, 2018 жылы – 311 млрд теңге).
Сонымен қоса, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысушының қаржылық тұрақтылығына қатысты түзетулер күшіне енді. Бұдан былай әлеуетті жеткізушінің қаржылық тұрақтылығы келесі сипаттамалар бойынша анықталатын болады:
салықтарды төлеуі;
айналым қаражатының және негізгі қаражатының болуы;
еңбекақы төлеу қорының болуы.
Мұндай ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынатын болады. Осылайша, мемлекеттік сатып алуға тиісті қаражат айналымы, материалдық және еңбек ресурстары бар компаниялар ғана қатыса алады. Сонымен бірге, мұндай шара салықтардың түсуін арттырады.
Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алуларды бұзуға машықтанған «кәсіпқой шағымданушылар», «тролдер» көптеп пайда болуда. Олар сатып алуды бұзу арқылы заңсыз пайда табуды көздейді. Әдетте, мұндай «кәсіпқой шағымданушылар» мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниетті болмаса да, басқа қатысушылар туралы ақпаратты алу үшін өтінім береді. Мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында ұсынылады: конкурстық өтінімге кепіл бермеген әлеуетті жеткізушілерге басқа қатысушылардың құжаттарын көруіне тыйым салу;
конкурстық құжаттаманың алдын-ала талқылануына қатыспаған әлеуетті жеткізушілердің шағымдарын қарастырмау;
мемлекеттік сатып алуларға қатыспаған үшінші тұлғалардың шағымдары бойынша келісімшарттарды жасау мерзімін тоқтатпау.
Жалпы мемлекеттік сатып алулар бойынша келіп түскен шағымдар саны 2018 жылы 16 430 болса, 2019 жылы ол 27 509 шағымды құрады.