Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Маңғыстаудың көші-қон қызметі салынған айыппұлдарды толық өндіріп алды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы 5660 шетелдікті уақытша тіркеуге ресми түрде қойды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаудың көші-қон қызметі салынған айыппұлдарды толық өндіріп алды

Көші-қон полициясы қызметкерлері ұйымдастырған рейдтік іс-шаралар барысында қазақстандық заңнаманың әр түрлі бұзушылықтары үшін 320 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Маңғыстау облыстық ПД КҚБ құқық бұзушылардан 960 033 теңге өндіріп алынды, бұл өндіріп алудың 100% көрсеткіші болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 517-бабы, яғни шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша 252 шетелдік тартылды. ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 52 азамат әкімшілік сотқа жіберілді.

Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес, яғни Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың бұзғаны үшін 64 адам тартылды.

Маңғыстау облыстық көші-қон полициясы басқармасы ұсынған талдауға сәйкес, өңірге келген шетелдіктердің саны өткен жылмен салыстырғанда 69% - ға азайды.

Бұл ретте патенттер беру жолымен шетелдіктерді заңдастыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде (жеке тұлғалардан жұмысқа рұқсат беру), нәтижесінде 8450 шетелдік жария етілді, оның қорытындысы бойынша бюджетке 110 981 795 теңгеден астам қаржы түсті.