Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

«Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шара өтті

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі және Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шара өтті.

«Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шара өтті

«Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты ұлы ақын мұрасын жастар арасында насихаттау, шығармаларымен таныстыру» деп атап өткен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Наталья Коваленконың айтуынша, Абай мұрасымен жастарды ғана емес қала тұрғындарын таныстырудың маңызы зор.

Республика сарайына жиналған қала тұрғындары «Абай әлемдік ғажайып тұлға» көрмесі ұйымдастырылды. Онда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған лирикалық және сатиралық өлеңдері, пейзаждық эскиздері, «Қара сөздері», орыс және шетелдік авторларының  аудармалары  қойылды. Ал поэзия әуесқойлары үшін «Поэтикалық микрофон: поэзия - тілдің билеушісі» алаңында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқырмандары мен танымал ақындар  Абайдың өлеңдерін оқыды.  Ал  «Абай әлемі» музыкалық сағатында Абайдың музыкалық композициялары ұсынылды. Рухани кешті тамашалауға келгендер сонымен қатар «Абайдың шығармаларын білесіз бе?» зияткерлік квестіне қатысты. Сондай-ақ, Абай поэзиясын сүйетіндер үшін белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен «Ұлы мұраны сақтау» мастер-классы  және Абай шығармаларындағы бейнелеу өнері көрмесі өтіп, ақын шығармашылығына қатысты фильмдер көпшілік назарына ұсынылды.

 

                                                                                            

АЛМАТЫ