14 Тамыз, 2013

Партия назары – еңбек адамдарында

403 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Нур Отан логотип 1«Қазақ ұлты – қашанда да­ланың коңыр желіндей аңқыған ұлы жердің кемеңгер ұлы. Біздің мақтан тұтар тіліміз, дініміз, Ота­нымыз бар. Тіл – ұлт діңгегі! Отан – Ел Анасы! Ата-бабадан аманат боп қалған қазақ жерінің өсуі мен өнуі халқымыздың татулығы мен бірлігінде», деп Елбасымыз айтқандай, ата-бабамыз туып-өскен, топырағында кіндігі кесілген кең жазиралы қазақ жерінің барлығы қасиетті әрі шежіреге толы. Солардың бірі – Жайықтың жағасында орын тепкен Ақжайық атырабы қашанда ырыс пен береке кетпеген, елінің ауызбіршілігі жарасқан, егіні мен мал шаруашылығының қай саласы болсын дамуына мүмкіндігі мол құтты мекен.

«Қазақ ұлты – қашанда да­ланың коңыр желіндей аңқыған ұлы жердің кемеңгер ұлы. Біздің мақтан тұтар тіліміз, дініміз, Ота­нымыз бар. Тіл – ұлт діңгегі! Отан – Ел Анасы! Ата-бабадан аманат боп қалған қазақ жерінің өсуі мен өнуі халқымыздың татулығы мен бірлігінде», деп Елбасымыз айтқандай, ата-бабамыз туып-өскен, топырағында кіндігі кесілген кең жазиралы қазақ жерінің барлығы қасиетті әрі шежіреге толы. Солардың бірі – Жайықтың жағасында орын тепкен Ақжайық атырабы қашанда ырыс пен береке кетпеген, елінің ауызбіршілігі жарасқан, егіні мен мал шаруашылығының қай саласы болсын дамуына мүмкіндігі мол құтты мекен.

Елдің де, жердің де атақ-абы­ройын еңбек адамдары шыға­ратыны белгілі. Нағыз еңбек адамы – елдің баянды бағы. Біз­дің алдымызда тұрған міндет те еңбек етемін дегенге қызмет бе­ріп, еңбек адамдарының абы­ройын асқақтату. Бүгінгі пар­тияның назары дәл сол еңбек адамдарына ауып отыр. «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Еңбек – ер атандырады» атты төл жобасын қолға алып, барлық аудан, ауылдарда еңбек адамдарына құрмет көрсету, жас өскінді еңбекке шақыру бағытында ауқымды істер атқаруда. Сонымен қатар, нұротандықтар өз қатарларын қарапайым еңбек адамдарымен толықтыру үстінде.

Қара жерден, төрт түлік малдан несібесін тапқан, ұрпақ­қа қара танытқан, тәні ауырған­­ға ем берген жандардың есе­лі еңбектері еленуде. Пар­тия қыз­меткерлері еңбек ардагер­ле­рінің электронды базасын жи­­нақ­тады. Сонымен қатар, пар­­тия еңбек ұжымдарындағы кәсіп­одақ ұйымдарымен де тығыз қарым-қатынас орнат­қан. Әр жұмысшының, әр қыз­мет­кердің жағдайы кәсіподақ және бастауыш партия ұйым­дары арқылы бақылауға алы­нып отыр. Облыстық филиал­дың барлық құрылымдық бөлім­ше­лері еңбек адамдарының мүм­кін­дігін шыңдау бағытында жұ­мыс­тануда. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне адамдар еңбек дауымен келіп, арыз-шағымын қалдырса, партиялық бақылау комиссиясына түрлі ұсыныстарымен келеді. Әр азаматтың сауалына жауап беру, тиімді қорытынды жасау – партияның алға қойған мақсаты. Еңбек адамдарының күйбең тірлігі мен ел алдындағы еңбегін жария ету дәстүрі де қоғамдық-саяси жұмыстың негізі.

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» пар­тиясының облыстағы акти­ві партияның сайлауалды тұғыр­намасын жүзеге асыру мақ­сатында еңбек етуде. Тұғырна­маның басты мақсаты да – адами әлеуетті қалыптастыру, әлеу­меттік хал-ахуалды жақсар­туды көздейді. Осы ретте 2013 жылдың басынан Батыс Қазақ­стан облысында 6241 адам жұ­мыспен қамтылса, оның 3239-ы «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дар­ламасы арқылы, 3002-сі жұ­мыспен қамту орталықтары бойынша орналасты.

Еңбек қоғамын құру бір күннің ісі емес. Жылдар жемісі. Ертеңгі күннің ұрпақтарын еңбексүйгіш етіп шығарамыз десек, ол іс бүгінгі күннен бас­тау алуы керек. Оны Үкімет, қоғамдық ұйымдар арқылы жүзеге асыруымыз қажет.

Гаухар ШАЙХИНИЯЗОВА,

«Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі.