«Қазақ ұлты – қашанда даланың коңыр желіндей аңқыған ұлы жердің кемеңгер ұлы. Біздің мақтан тұтар тіліміз, дініміз, Отанымыз бар. Тіл – ұлт діңгегі! Отан – Ел Анасы! Ата-бабадан аманат боп қалған қазақ жерінің өсуі мен өнуі халқымыздың татулығы мен бірлігінде», деп Елбасымыз айтқандай, ата-бабамыз туып-өскен, топырағында кіндігі кесілген кең жазиралы қазақ жерінің барлығы қасиетті әрі шежіреге толы. Солардың бірі – Жайықтың жағасында орын тепкен Ақжайық атырабы қашанда ырыс пен береке кетпеген, елінің ауызбіршілігі жарасқан, егіні мен мал шаруашылығының қай саласы болсын дамуына мүмкіндігі мол құтты мекен.

Елдің де, жердің де атақ-абыройын еңбек адамдары шығаратыны белгілі. Нағыз еңбек адамы – елдің баянды бағы. Біздің алдымызда тұрған міндет те еңбек етемін дегенге қызмет беріп, еңбек адамдарының абыройын асқақтату. Бүгінгі партияның назары дәл сол еңбек адамдарына ауып отыр. «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Еңбек – ер атандырады» атты төл жобасын қолға алып, барлық аудан, ауылдарда еңбек адамдарына құрмет көрсету, жас өскінді еңбекке шақыру бағытында ауқымды істер атқаруда. Сонымен қатар, нұротандықтар өз қатарларын қарапайым еңбек адамдарымен толықтыру үстінде.
Қара жерден, төрт түлік малдан несібесін тапқан, ұрпаққа қара танытқан, тәні ауырғанға ем берген жандардың еселі еңбектері еленуде. Партия қызметкерлері еңбек ардагерлерінің электронды базасын жинақтады. Сонымен қатар, партия еңбек ұжымдарындағы кәсіподақ ұйымдарымен де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Әр жұмысшының, әр қызметкердің жағдайы кәсіподақ және бастауыш партия ұйымдары арқылы бақылауға алынып отыр. Облыстық филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелері еңбек адамдарының мүмкіндігін шыңдау бағытында жұмыстануда. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне адамдар еңбек дауымен келіп, арыз-шағымын қалдырса, партиялық бақылау комиссиясына түрлі ұсыныстарымен келеді. Әр азаматтың сауалына жауап беру, тиімді қорытынды жасау – партияның алға қойған мақсаты. Еңбек адамдарының күйбең тірлігі мен ел алдындағы еңбегін жария ету дәстүрі де қоғамдық-саяси жұмыстың негізі.
Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының облыстағы активі партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру мақсатында еңбек етуде. Тұғырнаманың басты мақсаты да – адами әлеуетті қалыптастыру, әлеуметтік хал-ахуалды жақсартуды көздейді. Осы ретте 2013 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысында 6241 адам жұмыспен қамтылса, оның 3239-ы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы, 3002-сі жұмыспен қамту орталықтары бойынша орналасты.
Еңбек қоғамын құру бір күннің ісі емес. Жылдар жемісі. Ертеңгі күннің ұрпақтарын еңбексүйгіш етіп шығарамыз десек, ол іс бүгінгі күннен бастау алуы керек. Оны Үкімет, қоғамдық ұйымдар арқылы жүзеге асыруымыз қажет.
Гаухар ШАЙХИНИЯЗОВА,
«Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі.