14 Тамыз, 2013

Парламент

195 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Парламент1Парламент Сена­тының депута­ты­ Светлана Жалма­ғам­бетова Ақмола об­лы­сы­ның Есіл қала­сын­да мәс­лихат депутаттарымен кездесті.

Есіл қаласында аудан тұрғындары өздерін толған­дыр­ған мәселелер туралы әңгімеледі. Олардың ішінде жаңа емхана салу қажеттігі де айтылды. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де жедел шешуді қажет етеді.

 

Парламент Сена­тының депута­ты­ Светлана Жалма­ғам­бетова Ақмола об­лы­сы­ның Есіл қала­сын­да мәс­лихат депутаттарымен кездесті.

Есіл қаласында аудан тұрғындары өздерін толған­дыр­ған мәселелер туралы әңгімеледі. Олардың ішінде жаңа емхана салу қажеттігі де айтылды. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де жедел шешуді қажет етеді.

Алдағы астық жинау­ тақырыбы да өзекті мәселелер­дің қатарында болып отыр. Шаруаларды астықты жөнелту, арзан дизель отынымен жә­не астық тасымалдаушы көліктермен қамтамасыз ету мәселелері толғандырады.

Сенатор С.Жалмағамбетова енді Бұланды, Жарқайың, Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы аудандары мен Көкшетау қа­ла­сының мәслихаттарының сессия­сына қатысуды жоспарлап отыр.

Ақмола об­лысы.

____________

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов Алматыда «Локомотив» АҚ ұжымымен кездесті.

Екі жүзге жуық адам қатысқан кездесуде ел экономикасын, оның ішінде көлік инфраструктурасын одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Тәуелсіздіктен бергі жылдарда Алматының өзінде ғана 20-дан астам жолайрықтар тұрғызылған. 2013 жылы тағы да 6 жолайрықтың құрылысы аяқталса, бұл – Алматының көшелеріндегі жолаушылардың жүріп-тұру мүмкіндігін әлдеқайда жақсартары анық.

А.Бижанов қала халқы риза­шы­лықпен жоғары бағалаған метро құрылысының алғашқы кезеңі табыспен жүзеге асып, енді келесі жылдың ортасына қа­рай аяқталуға тиісті екі бекеттің құ­рылысы жүргізіліп жатқанын айтты.

Сенатор кездесуге келген жұрттың көптеген сұрақтарына жауап бере келіп: «Өткен сессия барысында Сенат 96 заң қабылдады. Заң шығарушылық қызметіміздегі басты ерекшелік – заң жобаларының басым­ бөлігі Елбасының «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы қам­тылған Жолдауында жүкте­л­ген міндеттермен үйлеседі. Қа­былданған заңдар индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметті, сот және құқық қорғау жүйелерін реформалауға, білім беруді дамытуға бағытталып, халықты әлеуметтік қамсыздандыруды қамтыды», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, А.Бижанов «Ал­ма­ты жарнама» МКК және азаматтарды әлеуметтік бейім­деу орталығының еңбек ұжым­да­рымен де кездесті.

АЛМАТЫ.

_________

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Айгүл Нұркина Павлодар облысындағы сапары кезінде тұрғын үймен қамту мәселесімен танысты.

Депутат «Қолжетімді бас­­пана-2020» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында салы­нып жатқан үш тұрғын үй құрылысында болды. Нысан­дар­дың жалпы көлемі – 26 166 шаршы метр, құрылыстың құны 2 368 миллион теңгені құ­рай­ды. Барлық пәтерлер таза, әрлен­ген түрінде пайдалануға енгізіледі.

Аталған құрылыс бастал­ған­да, онда партиялық бақылау бекет­тері ашылған. Айгүл Нұркина олардың жұмысымен де таныс­ты. Көтерілген өзекті мәселе­лер­дің арасында құрылыс мате­риалдарының қымбаттауы, тағы басқалар бар. Дегенмен, осы жылдың күзінде екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға оның 11 894 шаршы метрін беру жоспарланып отыр. Бұл көптеген отбасылардың жаңа баспанаға ие болуына мүмкіндік береді.

Бүгінде Павлодарда «Қол­же­тімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 49 161 шаршы метрді құрайтын 7 нысан салынуда.

Павлодар облысы.