Бақтияр Байсейітов баптайтын қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері құрлықтық додадан бас-аяғы бес медаль олжалады. Атап айтар болсақ, жарыстың алғашқы күнінде 77 кило салмақта белдескен Тамерлан Шадукаев қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Сол күні Қорлан Жақанша (55 кг), Азамат Кұстыбаев (87 кг) және Мансұр Шадукаев (130 кг) қола медаль еншіледі.
Ал екінші жарыс күнінде 70 килодағы отандасымыз Ибрагим Магомедов финалда ирандық Амин Кавиянинежадқа есе жіберіп, күміс медальді қанағат тұтты. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші орынды Иран құрамасы олжалады. Өзбекстанның балуандары екінші орын алды.