14 Тамыз, 2013

Бағдарлама шапағаты

314 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

10092009085939Үкімет жұмыссыздықты бол­дырмаудың кешенді шараларын алып, осы бағытта бір­неше бағдарламалар қабыл­да­ды. «Жұмыспен қамту-2020», «Биз­нес­тің жол картасы-2020»­ «Сыбаға» және «Даму» кә­сіпкерлікті дамыту бағдарламаларынан қаржылай қолдау тауып, өз ісін ашып жұмыс істеп жатқандар қатары күн өткен сайын көбейе түсуде. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, «екі қолға бір күрек» табыла бастады. Тіпті, күні кешегі болашағы жоқ ауылдар қатарына жатқызылған елді мекендер тұрғындарының да мәселелері оң шешілуде.

 

Үкімет жұмыссыздықты бол­дырмаудың кешенді шараларын алып, осы бағытта бір­неше бағдарламалар қабыл­да­ды. «Жұмыспен қамту-2020», «Биз­нес­тің жол картасы-2020»­ «Сыбаға» және «Даму» кә­сіпкерлікті дамыту бағдарламаларынан қаржылай қолдау тауып, өз ісін ашып жұмыс істеп жатқандар қатары күн өткен сайын көбейе түсуде. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, «екі қолға бір күрек» табыла бастады. Тіпті, күні кешегі болашағы жоқ ауылдар қатарына жатқызылған елді мекендер тұрғындарының да мәселелері оң шешілуде. Көшкен жұрттың орнында қалып қоямыз ба деп ойлағандардың да қауіп бұлты сейілді. Олар үшін «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдар­ламасы қабылданып, өндірісті өңірлерге, шаһарлы жерлерге қо­ныс аудару мүмкіндігі туды. Осы бағдарламаның үшінші бағыты – «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша игілікке қол жеткізгендердің бірі Ерғазы Өмірзақпен жолығудың сәті түсті.

– Бір кездері кеңшардың ферма орталығы болған Қалалыкөл ауылында негізгі орталау мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі едім. Соңғы жылдары ауылдың ажары тайып, жұмыссыздық жайлады. Ауыл тұрғындары жайлы жер іздеп, өндірісті жерлерге қоныс аударды. Орталау мектеп бастауыш болып қалды. Көш әлі тоқтар емес. Бастауыш мектеп те жабылудың аз-ақ алдында тұр. Жұмыссыз қалған соң, аудандық жұмыспен қамту бөліміне заңды тіркеуге тұрдым. Өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша қаладан екі бөлмелі үй беріледі дегенде қуанышымызда шек болған жоқ. Қалалы жерге келсем жерде қалмаспын деп ойладым. Елбасына, Үкіметке алғысымыз шексіз. Біз сияқты алыс аудандардағы шалғай елді мекенде не істерге білмей дағдарып қалған қаншама отбасы осындай игілікке қол жеткізді. Бізге тиген екі бөлмелі пәтер кең де жарық, жылы. Ыстық және суық су тұрақты келіп тұр. Мұндай қамқорлыққа риза болмағанда қайтерсің, – дейді Ерғазы бауырымыз.

Ол баспаналы болып қана қойған жоқ. Қалалыкөлден қалаға көшуге 88990 теңге жәрдемақы алды. Бұл көші-қон шаруаларын тындыруға көп көмек болды. Келе жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмысқа орналасып алды. Қазір «Күзет» АҚ-та күзетші болып істейді. Жұмысына дән риза. Негізгі міндеті – үйінің қасындағы жаңадан ашылған Назарбаев зияткерлік мектебін күзету.

Жолдасы Жанардың мамандығы медбике. Ол да орталықтың араласуымен облыс орталығындағы медициналық жедел жәрдем ауруханасында тәжірибеден өтуде. Болашақта мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға талаптануда. Бәрінен бұрын биыл ғана колледж бітірген қызы Әминаға жақсы болды. Ол сот орындаушысы болып, жастар тәжірибесінен өтуде. Барлығы сәтті болса, осында еңбекке орналаса ма деген үміттері бар. Бұл бағдарлама өте тиімді. Алыс ауылда қозғалуға қауқары жоқтарға таптырмайтын мүмкіндік. Мұның өзі еліміздің экономикалық әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Елбасы және Үкімет осылай халықтың қамын ойлаудың өнегелі үрдісін қалыптастырып отыр. Бұнысына мың да бір рахмет, әрине. Бұл, бағдарламаның шапағатын көрген мен сияқтылардың барлығының көкейіндегі алғыс сезімі десе болады, дейді Ерғазы Өмірзақ.

Ерғазының бір ұтқаны, өз мамандығыммен жұмыс жасаймын деп уақыт өткізбегені. Күзетшілікке кіріп, отбасы күнелтісін қамдады. Енді жолдасы Жанар мен қызы Әмина тұрақты жұмысқа орналасып кетсе, ұстаздығын жалғастыруды да ойластырып қояды.

– Алыс ауылда жүріп, компьютермен жұмыс істеуден кенжелеп қалыппыз. Соны үйрену керек болып тұр. Содан кейін мамандығым бойынша еңбек етуге талаптанамын. Әзірге күзетші бола тұрамын. Ауылда қала бергенде жағдайымыз кетіп қалар еді. Қазір біздің ауылда оннан астам үй қалды. Олар үшін аудан орталығынан тұрғын үйлер салынып жатыр деп естимін. Алдыңғы лекте қалаға көшіп, жұмыс тауып алғанымыз «Жұмыспен қамту-2020» мем­лекет­тік бағдарламасының ар­қас