Жарыстың соңғы күнінде 102 салмақта сынға түскен отандасымыз Рахат Бекболат қоссайыста 356 (158+198) кило зілтемірді оңай еңсеріп, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ жұлқа көтеру бойынша әлем рекордын орнатып, турнирдің ең үздік спортшысы атанды.
Рахат Бекболаттан бөлек Ташкент төрінде Бақыт Ахметов шәкірттерінен Гүлнұр Ыбырай (64 кг), Карина Құзғанбаева (81 кг), Айсамал Сансызбаева (81 килодан жоғары), Сайхан Тайсуев (67 кг), Нұрғиса Әділетұлы (89 кг) және Артем Антропов (96 кг) атой салып, Азия чемпионы деген құрметті атаққа ие болды.
Сондай-ақ 55 кило салмақтағы Абылай Әуелханов (55 кило) жасөспірімдер бәсекесінде күміс алса, жастар сайысында үшінші орынға табан тіреді. Гүлнұр Ыбырай да жасөспірімдердің додасын екінші орынмен қорытындылады. Ал Сайрамкез Ақмолда (61 кг) мен Есенкелді Сәпи (81 кг) үшінші сатыға жайғасты.