14 Тамыз, 2013

Бастама бағын ашты

303 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жумыс-1Уақыт талабына сай білім алып, еңбек еткен ортасының сеніміне кіру үлкен мүмкіндіктер жолын ашатыны нақты өмірде сан мәрте дәлелденген. Бұл ретте Талдықорған қаласының түбіндегі Өтенай ауылының тұрғыны Рустам Низамов сынды азаматты көпке үлгі тұтуға болады. 2008 жылы қаржыгер мамандығы бойынша Талдықорған гуманитарлық-экономикалық колледжіне сырттай оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2010 жылы бітірген соң, «Ан-Саидка» жеке кәсіпорнына қатардағы есепші болып жұмысқа орналасқанымен аталған ұжымның әрекеті қысқарғандықтан жұмыстан босатылып қалған еді

Жумыс-1

Уақыт талабына сай білім алып, еңбек еткен ортасының сеніміне кіру үлкен мүмкіндіктер жолын ашатыны нақты өмірде сан мәрте дәлелденген. Бұл ретте Талдықорған қаласының түбіндегі Өтенай ауылының тұрғыны Рустам Низамов сынды азаматты көпке үлгі тұтуға болады. 2008 жылы қаржыгер мамандығы бойынша Талдықорған гуманитарлық-экономикалық колледжіне сырттай оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2010 жылы бітірген соң, «Ан-Саидка» жеке кәсіпорнына қатардағы есепші болып жұмысқа орналасқанымен аталған ұжымның әрекеті қысқарғандықтан жұмыстан босатылып қалған еді. Бірден Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығына барып тіркелісімен, 2012 жылдың ақпанында «Бета-АС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне еңбекақыны субъсидиялау жөніндегі есепші қызметі ұсынылды.

«Жұмыспен қамту-2020» мем­ле­кеттік бағдарламасы бағымды ашты. Мүмкіндікті жіберіп алмас үшін әрі ана сүтімен сіңген мі­не­зім­мен алдыма білімімді ұштау, әріптестерімнің сеніміне кіру мақсатын қойдым. Шынымды айтсам, әр қадамыма қуанып отыратын анам қалалық иә болмаса жеке адамның меншігіндегі басылым емес, ел газеті «Егеменнің» назары­на ілінгеніме тіпті, марқаятын болды. Дәл қазір анама телефон соғып қуантамын», деді бүгінде «STAM MELEZEMS» неміс компаниясында еңбек ететін Рустам Низамов.

Облыс орталығына тиіп тұрған ауылда жеке меншік тұрғын үйінде жолдасы екеуі 4 айлық сәбиін өсіріп, жұмыс орнына да, арасында тапсырыс беруші мекемелерге де қоғамдық көлікпен қатынасып, ең бастысы, айтқан уақытынан кешікпей жетіп жүрген азаматқа әріптестері разы. Ел сеніміне кіргендігі сол есеп-қисап жұмысы бойынша тапсырыс берушілер саны артуда. Заман талабына сай компьютер тілін де жақсы игеріп, жаңа бағдарламаларды тез меңгеретіндігі соның бір дәлелі болып саналады. Ең бастысы, ел сеніміне кірді. Бүгінде айлық жалақысы орташа алғанда 45 мың теңге. Табыс көзін ашатын тұрақты жұмыс орны бар әрі қосымша тапсырыс та қабылдап қаражат табуда. Сөйтіп, мемлекеттік бағдарлама арқылы үлкен мүмкіндіктерге жол аша білгені ауылдастарына үлгі әрі ана мақтанышы болды.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

ТАЛДЫҚОРҒАН.