Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Демографиялық дүмпу немесе Бэби Бум Орталық Азиядан басталады

650 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Бұрынғы КСРО-ның мұсылман елдерінде барлық республикаларға қарағанда туу көп болады. 2020 жылы Орталық Азияның төрт еліндегі (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан) туылу саны алғаш рет Ресейдегі туылғандар санынан асып түседі. Бұл туралы ресейлік сарапшы, демограф Алексей Ракша әлеуметтік желідегі  жеке парақшасында жазды.

Демографиялық дүмпу немесе Бэби Бум Орталық Азиядан басталады

Ресейдің депопуляциясы бала туу деңгейінің төмендеуіне байланысты. Сонымен қатар тек туу саны ғана емес, 1 отбасыдағы бала санының азайып кетуі де ықпал етіп отыр. Мұның себебін ол  ұзаққа созылған депрессия және мемлекеттің бала тууды қолдау саясатын кеш қолға алғанымен түсіндіреді. «Ана капиталы» бағдарламасы 2000 жылдардан бергі уақытта жұмыс істей бастады. Бірақ ол жылдары дүниеге келген балалар әлі өсім берген жоқ. Егер бұл бағдарламаны 1930 жылдарға дейін созатын болсақ, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады», дейді А. Ракша. 

Сонымен қатар ол Орталық Азиядағы бала туу көрсеткіші өсіп келе жатқандығын төмендегі факторлардан-ақ байқауға болатынын айтады. Алдағы онжылдықтарда бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігі РФ, Беларусь, Украинада төмендейтінін немесе тұрақты болып қалатынын тілге тиек етіп өтіпті. Ал Орталық Азияда, соның ішінде   Қазақстанды алсақ, онда олардағы туу саны Ресей, Беларусь және Украинадағы туғандар санынан тұңғыш рет асып түседі екен. «Ресейдегі   демографиялық   өсімді «Ана капиталы тұрақтандырып   тұр. Ал Қазақстандағы дүние есігін ашқан сәбилерге берілетін әлеуметтік жәрдемақыны «Ана капиталымен» салыстыруға болмайды. Бірақ соған қарамастан бұл елдегі жаңа туған бала саны Ресей, Беларусь, Украинадан асып кетеді. Себебі 1990  жылдан бергі  жылдарда туған толқын өсім бере бастады» деп жазыпты  Алексей Ракша.

А. Ракшаның түсіндіруінше, егер   Әзербайжан Орта Азия елдеріне қосылса, онда посткеңестік мұсылмандығы  басым алты елінде қазір барлық республикаларға қарағанда көбірек балалар дүниеге келеді.

Ол сондай-ақ  1950 жылы Орта Азияның төрт республикасында Ресейдегіден 9 есе аз балалар дүниеге келгенін де еске салып өтіпті.

Бұл факторға 1930 жылдардағы саяси дағдарыс, 1941-15 жылдардағы екінші дүние жүзілік соғыс себеп болған. А. Ракшаның  пайымдауынша,  соңғы 70 жыл ішінде 9 еселік алшақтық жойылды. «Егер біз дүниеге келген балалардың этникалық ерекшеліктерін ескеретін болсақ, онда орыстар үшін жағдай бұдан да төмендейді.  Жаңа демографиялық шындық келе жатыр. Біз соған дайын болуымыз керек», дейді А. Ракша.

RU ақпараттық агенттігі апта басында  «Орталық Азия елдері  1990 жылдардағы демографиялық кемістіктердің орнын толтырып тастады» деген хабар таратты.   Тәжікстанда  2018 жылы бір отбасында  3,8 бала, Қырғызстанда - 3,3, Түрікменстанда - 3,2, Қазақстанда - 3, Өзбекстанда - 2,5 болды. 2000 жылдардың ортасында, Тәжікстаннан басқа барлық елдерде туу коэффициенті көбею деңгейінен сәл жоғары болды. Өзбек отбасыларындағы демографиялық өсім өзгелермен салыстырғанда төмен болғанмен, олар адам санымен Орталық Азия елдерінің демографиялық көшін бастап тұр.  

«Біз алдағы жиырма жылдықтардағы демографиялық картаның жобасын қазіргі жағдайға қарап бағалауға болатынын көріп отырмыз.  Әзірге өсім – Орталық Азия елдерінің пайдасына жұмыс істеп тұр», дейді Ракша.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше