Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Елордада кімдерге тіс протезі бойынша тегін қызмет көрсетіледі?

1072 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қалалық мәслихатының шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек шеңберінде бағалы металдардан жасалған протездерден басқа тіс протездеу түрлері бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада кімдерге тіс протезі бойынша тегін қызмет көрсетіледі?

Мұқтаж азаматтар санатына келесі топтар жатады:   

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестiрiлген адамдар;

- жасы бойынша зейнеткерлер;

- мүгедектер;

- табысы аз азаматтардың ішінен көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

Соның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне қызметтер  кезектен тыс көрсетіледі. Қалған санаттардағы азаматтарға қызметтер кезек ретімен ұсынылады.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, уәкілетті медициналық ұйымы берген тісті протездеу қажеттілігі жөнінде медициналық қорытындыны ұсынады.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа мен көшiрме түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Тiсті протездеуге әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген тұлғаларға, жасы бойынша зейнеткерлерге ұсынылатынын айта кеткен жөн.

Тіс протездеуге әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тіс шектерін, пародонт ауруларын емдеуді, медициналық манипуляция жүргізумен (инъекция, рентгенге түсіру және т.б.) тісті жұлуды қамтитын ауыз қуысын протез алды тазалау жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде. Байқаудың қорытындысы ағымдағы жылдың ақпан айының соңында да өткізілетін болады. Жеткізушілермен шарт жасағаннан кейін жергілікті  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тістерді протездеуге қызметтерді көрсету бойынша тіркеу жүргізетін орындар мен мерзімдері туралы халықты хабардар етеді.

Толық кеңес алу үшін Достық көшесі, 13-үй, тел. 55-68-45, 55-68-22, 55-68-34  мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше