14 Тамыз, 2013

Көзін тапқан көл-көсір пайдаға кенеледі

349 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

«...біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларды шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).

КӨЗІН ТАПҚАН КӨЛ-КӨСІР ПАЙДАҒА КЕНЕЛЕДІ

«Саусағы қимылдағанның аузы қимылдайды» демей ме? Сол секілді, мына заманда көзін тапқанға көл-көсір пайда бар. Ол үшін мемлекет те барлық жағдайды жасап отыр. Халықтың әртүрлі кәсіппен айналысуы үшін арнайы бағдарламалар жасап, жолын көрсетіп, қаржысын беріп, жұмысын одан әрі дөңгелетіп әкетуіне негіз салады. Егер кәсіби білімі болмай жатса, қайта оқытады. Біле-білсек, жер бетіндегі бірде-бір мемлекет халқына мұндай жақсылықты жасап отырған жоқ.

image-12-08-13-09-31

 КӨЗІН ТАПҚАН КӨЛ-КӨСІР ПАЙДАҒА КЕНЕЛЕДІ

«Саусағы қимылдағанның аузы қимылдайды» демей ме? Сол секілді, мына заманда көзін тапқанға көл-көсір пайда бар. Ол үшін мемлекет те барлық жағдайды жасап отыр. Халықтың әртүрлі кәсіппен айналысуы үшін арнайы бағдарламалар жасап, жолын көрсетіп, қаржысын беріп, жұмысын одан әрі дөңгелетіп әкетуіне негіз салады. Егер кәсіби білімі болмай жатса, қайта оқытады. Біле-білсек, жер бетіндегі бірде-бір мемлекет халқына мұндай жақсылықты жасап отырған жоқ.

Қызылорда қаласының іргесін­де Қызылжарма деген ауыл бар. Сол ауылда Шарифжан Нұртазаев деген азамат тұрады. Бұл – мем­ле­кеттің қамқорлығын көріп, шаруасын жүргізіп отырған кісі. Шә­кеңнің негізгі мамандығы кө­лік жүргізушісі. Қалтасында «бі­рін­ші санаттағы жүргізуші» деген құжаты да бар. Кеңес заманында алған түрлі мақтау қағаздары мен марапаттары бәйбішесінің сандығында жатыр. Дегенмен, бір көлікпен бес баланы асырап, оларды оқытып-шоқытып, үй­лендіріп-жайландырып, ен­ші­сін беріп, бөлек шығара ала­сың ба? Әрине, жоқ. Содан әртүрлі шаруаның басын шалып көреді. Болмайды. Ыңғайы келмейді. Ақыры атакәсіп мал шаруашылығына бет бұрады.

– Бала күнімізде мына есіктің алды малға толы болатын. Әкем екеуміз мамыр айында малдың қыстық азығын қамдауға кетеміз. Содан күзге қарай бір-ақ оралатын едік. Бала кезден көріп өскен кәсіп қой. Несібемді осы арадан табатыныма күмәнданбадым,– дейді Шарифжан Нұртазаев.

image-12-08-13-09-31

2001 жылы мал шаруашы­лы­ғымен дендеп айналыса бастайды. Кәсіпті бірден шыр айналдырып кететін шама қайда? Ақша тапшы. Қаржы қолбайлау болады. Әртүрлі банктердің есігін қағады. Ауыл шаруашылығын дамытатын банк­терге барады. Несиеге ақша алады. Қазір күлкілі көрінетін шығар. Бірақ Шарифжан алғашқы шаруа­сын банктен 64 000 теңге алып бас­тайды. Оның өзін сабылып жүріп әрең алады. Үстемақысы да аз емес. Қалтаға кәдімгідей түседі. Дегенмен көнбеске амалың кем. Аштан өлесің бе, енді? Қарыз деген адамды дедектетіп жіберетін дүние ғой. Өзі ішпесе де, кимесе де, алдымен қарызын төлейді. Және уақытынан бұрын жабады несиесін. Солайша, төрт рет банк­тен ақша алады. Үстінде қалатыны аз-маз ақша ғана. Күндердің бір күнінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын естиді. Орталыққа барады. Мал шаруашылығын жіті біліп тұрса да, оқу керек. Онысын оқиды. Биыл Шәкең мемлекеттен 3 миллион теңге алды. Пайыздық өсімі өте аз. Қайтару мерзімі де ыңғайлы. Ол ақшаға төрт бұзаулы сиыр, үш бұқа, жеті жылқы сатып алды. Жылқысы мен бұқасын бордақылайды. Бұзаулы сиырларын сауып, сүтін сатып отыр. Біз арнайы барып, шаруашылығымен таныстық. Осының өзінде екі жылқысы сатылып кетіпті. Екі жылқының үстінен қалған пайдасын айтты. Әжептәуір ақша. Аз ғана уақытта ондай қаржыны табу қиын. Ал жүргізуші болсаң, онда төрт-бес айлық жалақың.

– Бұзаулы сиырды әдейі алдым. Сүті мен айранын өзің ішесің. Артылғанын сатасың. Ол да пайда ғой. Ал ана бұзаулары алған ақшамның пайыздарын қайтарады. Оларды да сатамын ғой кейін,– дейді Шәкең ағынан жарылып.

3 миллион теңге аз ақша емес. Тіпті, кезінде 64 мың теңге үшін бас­панасын кепілге қойып, қаржыны қайтара алмай үйсіз қалған адамдар болған. Осыдан 10 жыл бұрын ғана бір үй 64 мың теңгеге кепілге қо