Спорт • 21 Ақпан, 2020

«Барыс» «Салават Юлаев» командасын 2:1 есебімен ұтты

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордалық «Барыс» өз айдынында Ресейдің «Салават Юлаев» командасын қабылдады.

«Барыс» «Салават Юлаев» командасын 2:1 есебімен ұтты

Бүгінгі кездесуде елордалық «Барыс» клубы қарсыласын 2:1 есебімен жеңді.

Бұдан бұрын «Барыс» елордада «Сибирь» клубынан овертаймда 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Айта кетейік, «Барыс» енді сырт айдында екі ойын өткізеді. 24 ақпанда Ресейдің «Адмирал» және 26 ақпанда «Амур» командаларымен кездеседі. Бұдан соң құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңі аяқталып, плей-офф сатысы басталатын болады.