Аймақтар • 22 Ақпан, 2020

Маңғыстауда «Тұрмыс» жедел іс-шарасы өткізілді

479 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында Полиция депеартаментінің құрылымдық бөлініс қызметкерлерімен «Тұрмыс» жедел алдын-алу іс шарасы өткізілді.

Маңғыстауда «Тұрмыс» жедел іс-шарасы өткізілді

Іс-шараның мақсаты қылмыстық жағдайды жақсарту, мас күйіндегі ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы келеңсіздіктердің алдын алуға негізделген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға 250 қызметкер жұмылдырылып, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және полицияның қоғамдық көмекшілерінің бірлескен топтары құрылды.

Іс-шараның негізгі міндеттері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарының есебінде тұрған, алкогольдік ішімдіктерді және есірткі заттарын пайдаланатын адамдарды, қолайсыз отбасыларды және түзеу мекемелерінен босатылған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру болып табылады. 

Іс-шара барысында Ішкі істер органдарының профилактикалық бақылауына жататын тұлғалар анықталып, есепке қойылды. Азаматтардың отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы өтініштері бойынша тәртіп бұзушыларға міндетті түрде қорғау нұсқамасын шығару арқылы әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша 29 отбасында жанжал тудыратын тұлға, тұрмыста құқық бұзушылық жасаған 206 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылды, ал ҚР ӘҚБтК 461-бабы бойынша шығарылған қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 5 адам жауапкершілікке тартылды.

Аталған кезеңде облыс бойынша 161-ден астам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері тіркелген, отбасындағы жанжалдар тудыратын 108 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды. Учаскелік полиция инспекторларының өтініштері бойынша соттар 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым сала отырып, құқық бұзушылардың мінез-құлқына 2 ерекше талаптар белгілеген.

Шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарға «102» телефоны бойынша полиция қызметкерлерін немесе өзінің учаскелік полиция инспекторларын және полицияның аумақтық бөлімдерін, соның ішінде көршілес тұратын және әртүрлі құқық бұзушылықтар жасаған, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын және есірткі құралдарын пайдаланғаны байқалған адамдар туралы хабардар ету қажеттілігі туралы ескертті.