Қазақстан • 22 Ақпан, 2020

Болашақ сержанттар әскери тағылымдамадан өтті

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы теңіз жаяу әскерібригадасының базасында Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының
42 курсанты отыз күндік әскери дайындықтан өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Болашақ сержанттар әскери тағылымдамадан өтті

Биыл қаңтар мен ақпан айларында болашақ сержанттар теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің командирі лауазымдарында екі жыл бойы меңгерген білімдерін сынады.

Тағылымдама барысында кадеттердің моральдық-психологиялық жағдайын егжей-тегжейлі зерделеу, практиканың басындакурсанттардың кәсіби дайындық деңгейін тексерумақсатында олармен үш күндік оқу-жаттығужиындары ұйымдастырылды. Жаттығу барысындакурсанттар жауынгерлік дайындық пәндерібойынша бағаланды және осы көрсеткіштергесүйене отырып, бөлімшелерге бекітілді.

Әскери бөлімдегі тәжірибелік жұмыстыңалғашқы күндерінен бастап курсанттар бағыныштысарбаздарды басқарудағы ұйымдастырушылыққабілеттерімен ерекшеленді. Болашақ сержанттаржеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің қыр-сырынтүсінуде жетекші бола отыра, біраз ақпаратпен бөлісіп әскери бөлімге жаңа серпін бере алды.

-Командирдің міндеттерін неғұрлым толықтүсіну үшін курсанттар өздеріне сеніп тапсырылғанқызметкерлермен бірге казармаға орналастырылдыжәне күнделікті жауынгерлік дайындықтың барлықэлементтерін өздері орындап отырды. Көбіне олар далалық жағдайда жеке құраммен сабақтар өткізді.Басты назар атыс жаттығуларын орындауға бөлінді,деді 25744 әскери бөлімінің сержанты 2 сыныпты сержант Багдат Байсериков.

Олармен атыс қару түрлерінен: СВД, РПГ-7, БТР-82А қарулануынан және АКС-74-тен жаттығулар орындалды. Сонымен қатар, кадеттер бөлімше командирлерінің қарамағындажауынгерлік атысқа қатысып, жаттығупункттерінде сабақ өткізді, ал кадеттер М. Эуезов, А Ласчеев, Асаубаев Б., өздері жеке бөлімше командирлері деңгейінде өздері дербес атыстарын сапалы өткізе алды. 

Кадеттер үшін әскери тағылымдама ҚарулыКүштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінденақты қызметті көрудің алғашқы мүмкіндігі болды. Енді жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өзәскери қызметтерін Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің бірінде бастауға мүмкіндік алады.