Тағайындау • 24 Ақпан, 2020

Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше