Руханият • 22 Ақпан, 2020

Полицейлер аудандарға барып қайырымдылық шарасын өткізді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда, сондай-ақ, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер аз қамтылған отбасыларға жиі көмек беруді де естен шығармайды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полицейлер аудандарға барып қайырымдылық шарасын өткізді

Полицейлер әке-шешесінің қамқорлығынан айырылған балаларды, толық емес және көпбалалы отбасыларды, қарттар үйін, балалар үйін, қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің отбасыларын, мүмкіндігі шектеулі жандарды, тұрғылықты мекен-жайы жоқ көшеде қалған азаматтарды әрқашанда назардан тыс қалдырған емес.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің құрылымдық бөліністер қызметкерлері «Қайырымдылық - ізгі іс» деп облыстағы қала, ауданда аталған санаттардағы жағдайда тұратын отбасылардың мекен-жайларына барып қайтты. Әлеуметтік қолдау ретінде қайырымдылық көмек көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп келді.

Жәрдемге мұқтаж жандар полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Полиция қызметкерлерінің қайырлы істі қолға алудағы мақсаты - жастарды жақсылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына материалдық қолдау көрсету, елімізде мемлекетшіл жастар тобы қалыптастыру. Ең бастысы халыққа пайдасын, шарапатын тигізетін жас буынның қатарынарттыру. Бұл игі іс дәстүрге айналып, өз жалғасынтабатын болады.