Аймақтар • 23 Ақпан, 2020

Студенттермен кездесуде жемқорлыққа төзбеушілік жайы айтылды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасары О.А.Бектеновтің Маңғыстау облысындағы сапарында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қызмет барысымен танысып, студент жастармен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Студенттермен кездесуде жемқорлыққа төзбеушілік жайы айтылды

Шара барысында Университет қабырғасында қызмет етіп тұрған «Адалдық дүкені», «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі, Еріктілердің «Қоғамға қызмет ету» орталығы, мониторинг орталығыныңжұмысы таныстырылды.

Мониторинг орталығының ерекшелігі - университеттің ішкі және сыртқы қызметін толықтай бақылауға алатын, әрбір азаматтың, студенттің шұғыл желі арқылы жолданған хабарламаларына тез арада әрекет етуі.

Осыдан кейін, студент жастар Төраға орынбасары О.А.Бектеновпен және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевпен еркін сұхбат жүргізді.

Жастармен кездесуде сөз алған Олжас Абайұлы қазіргі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен ел тәуелсіздігін алғалы атқарған жұмыстарына тоқталып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға кең көлемде түсінік берді.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы әрбір азаматтың пікірі, елі үшін атқарған ісінің маңыздылығын айта келе, қоғам өкілдерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керектігін атап өтсе, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков те ізгілік бастамасы болып есептелетін волонтерлік қозғалыс туралы өз ойын ортаға салып, студент жастарды белсенді болуға шақырып, адалдық жолында, парасатты қызмет жасауға шақырды.