14 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің бұйрығы (Монополияға қарсы агенттік) №141-НҚ

260 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

2013 жылғы 28 мамырАстана қаласы

Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

 

 

2013 жылғы 28 мамырАстана қаласы

Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 16) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Тергеу департаменті (Ә.Н. Хатиев) мен Агенттіктің Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.

4 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Б. Мәтішевке жүктелсін.

5 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастапқолданысқа енгізіледі.

Төраға           Б.ҚУАНДЫҚОВ.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

(Монополияға қарсы агенттік) төрағасының

2013 жылғы 28 мамырдағы №141-НҚ бұйрығымен бекітілген

Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме

1. Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегіәдістеме(бұданәріӘдістеме)«Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағыҚазақстан РеспубликасыныңЗаңының 39-бабының 16) тармақшасына (бұданәріЗаң) сәйкесәзірленді.

ОсыӘдістеменің мақсаты тиісті тауар нарығында монопсониялық жағдайға ие нарық субъектілері белгілеген (бұданәріСубъекті) монопсониялық төмен бағаны анықтау тәртібін айқындау болып табылады.

2. Осы Әдістеме монопсониялық төмен бағаны белгілеуден көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігіндегі Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын анықтау кезінде қолданылады.

3. ОсыӘдістемедеқолданылатынұғымдар мен терминдерҚазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мәндерде, сондай-ақ мынадайұғымдарда пайдаланылады:

4.Монопсониялық төмен бағаны белгілеу туралы мәліметтерді қарау шеңберінде монополияға қарсы орган мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар нарығында бағаларды мемлекеттік реттеудің болу фактісін белгілейді;

2)Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткiзуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы болу фактісін белгілейді (мемлекеттiк монополия);

3) Монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұданәрі - Субъекті) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) болу фактісін куәландырады;

4) нарық субъектісі Тізілімге енгізілген үстем үлесін белгілейді.

5. ОсыӘдістеменің 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптардың біреуі белгіленбеген жағдайда монопсониялық төмен бағаны белгілеу туралы тергеу жүргізілмейді.

6. Монополияға қарсы орган монопсониялық төмен бағаның монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң болуын нақты деректер аңықтау мақсатында мынадай

1) Субъектінің тауарды нарық субъектісінде монопсониялық жағдайы жоқ бәсекелес нарықтардақалыптасуы мүмкін деңгейден төмен баға бойынша сатып алу;

2) сатылатын (өндірілетін) тауарға сұраныс болған кезде өндіру көлемін қысқарту және тауардыөткізетін нарық субъектісі (бұданәрі - Сатушы) қуаттарын толық пайдаланбау;

3) Субъектінің арандата отырып олардың қызметінің шығындылығы салдарынан екі немесе одан да көп Сатушылардың (өндірушілердің) нарықтан кету белгілерін анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру бағасының серпініне және көлемдеріне талдау жүргізеді.

7. Тергеу жүргізу кезінде Субъектінің монопсониялық төмен бағаны белгілеу жөніндегі іс-әрекеттерін растайтын фактілердің болуын белгілеу қажет.

8. Монопсониялық төмен бағаны белгілеу фактілерін анықтау мақсатында монополияғақарсы орган Сатушының басқа да бәсекелестерінің шығынды болу фактілерін белгілейді.

9. Егер тауарды сатып алу бағасы бәсекелес нарықта немесе салыстырмалы тауар нарығында қалыптасуы мүмкін деңгейдегі бағадан төмен болса, монополияға қарсы орган осындай тауарды өндіру және сату қажеттілігін бағалау мақсатында Сатушының шығыстары мен пайдасына талдау жүргізеді.

10. Шешімқабылдауүшін монополияғақарсы орган:

1) Субъектінің, Сатушының және оның бәсекелесініңқаржылық-шаруашылыққызметіне;

2) Субъекті, Сатушы және оның бәсекелесі тауарыныңөндірістік және толықөзіндікқұнының серпініне;

3) Сатушының және оның бәсекелесініңтауар бағасының серпініне;

4) Субъектінің, Сатушының және оның бәсекелестерінің тауарөндіру (өткізу) көлемінің серпініне;

5) нәтижесінде Сатушының және оның бәсекелестерініңтауар бағасы тікелей немесе жанамақалыптастырылатын шарттарға;

6) Субъекті, Сатушы және оның бәсекелестеріұсынғанөзге де негіздемелік материалдарға талдау жүргізеді.

11. Негізді шешім қабылдау үшін тексерілетін өнім серпінінде Сатушының сатылатын (өткізілетін) тауарына баға құрылымын талдау керек.

Сатушының тауардың бір бірлігі үшін қажетті шығындарын бағалау кезінде қажет болған жағдайда тиісті тауар нарығындағы басқа субъектілердің ұқсас шығындарын салыстырмалы талдау әдісі қолданылады.

Бұдан басқа, қосымша негіздемеүшінқажет болған жағдайда Субъекті, Сатушы және тауар нарығындағы басқа да нарық субъектілері бағасының, өзіндікқұнның (шығындардың жекелеген баптары) және рентабельділік деңгейініңөсуқарқынын салыстырады.

Мәселен, өзіндікқұн бағасыныңөсуқарқыныұқсас нарық субъектілерінеқарағанда, осы көрсеткіштердіңөсуқарқынынақарағанда төмен болса, бұл Субъектінің монопсониялық төмен баға белгілеу бөлігіндеөзініңүстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану мүмкіндігінқосымша растай алады.

12. Занның 67-бабына сәйкес тергеу нәтижелерi бойынша лауазымды адамы тиiстi қорытынды дайындалады.

13. Монопсониялық төменбаға белгіленген жағдайда монополияғақарсы орган Заңның 68-бабына сәйкес монополиялық табыстың есебін жүргізеді.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 1 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8537 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар