Тұсаукесер кездесуде әлемнің 55 ракеткасы атанып отырған жерлесіміз АТР рейтингінде 73 орында тұрған Мажарстанның өкілі Мартон Фучовичті жеңсе, екінші айналымда үздіктер тізімінде 20 сатыға жайғасқан Франция теннисшісі Бенуа Пэрден айласын асырды.
Ширек финалда Александр Бублик әлемдік рейтингте 15 орында тұрған канадалық Денис Шаповаловқа шаң қаптырып кетті.
Жартылай финалда жерлесіміз әлемнің алтыншы ракеткасы Стефанос Циципаспен кездесті. Былтыр Аустралияның ашық біріншілігінде үздік төрттіктің қатарынан көрінген Грекияның атақты теннисшісіне Бубликтің әлі жетпеді. 1 сағат 8 минутқа созылған бұл сайыс 7:5, 6:3 есебімен аяқталды.