Осы бағытта музей басшылығы Қазақстандағы өзге елдердің елшіліктерімен жұмыстарды жандандырып, өзара ықпалдастық шараларын жүзеге асыруда.
Осыған орай жақында музейдегі «Азия халықтарының музыкалық аспаптары» 8-ші, «Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары» 9-шы залдары ашылды.
Музей сөрелері 1980 жылдары музей қорына алынып, экспозицияға қойылмаған аспаптар және де Қазақстандағы өзге елдер елшіліктері сыйға берген аспаптар қойылды. Жаңа европалық стандарттарға сай орналастырылған экспонаттар жайында музейге келушілер толыққанды ақпарат алу мақатында залдар заманауи ақпараттық киоск және бейнеконтенттік проекторлармен жабдықталған. Киоск арқылы қазақ және әлем халықтарына тиесілі әр экспонат жайында толыққанды ақпарат алып, музыкалық аспаптың дыбысталуын тыңдауға болады.
АЛМАТЫ