Спорт • 24 Ақпан, 2020

Алматыда қысқы жүгіру жарысы өтті

31 реткөрсетілді

Алматы қаласында дәстүрлі қысқы жүгіру жарысы өтті. 10 жастан асқан балалардан бастап, егде тартқан қарияларға дейін бұл бәсекеде бақ сынады. Барлығы ­­1 500 қатысушы.

Желаяқтар жарысты «Нұрлы Тау» бизнес орталығының жанында басталып, әл-Фараби даңғылы бойынша жүгіріп өтті. Балалар арасындағы 3 шақырымдық сайыста Константин Вильгельм (14 жас, Алматы) мен Ярослава Садагаева (10 жас, Алматы) үздік шықты.  

Негізгі қашықтықта алматылық отбасылық жұп жеңіске жетті. Алексей Гусаров мәре сызығын 33 минут 4 секундта қиып өтсе, Дана Гусарова мәреге жұбайынан 5 минут кейін жетті. Ерлер мен әйелдер арасындағы үш көшбасшы 200 000 теңге көлеміндегі жүлде қорын өзара бөлісті.

Маусымдық жүгіру жарысында алғаш рет 60 жастан асқан қатысушыларға арналған санат ашылды. Мәре сызығына 19 астам спорт ардагерлері шықты. Солардың арасынан Турдумамат Абдазов (63 жас, Бішкек) пен Любовь Ассанованың (62 жас, Теміртау) асығы алшысынан түсті.  

Енді 14 наурызда Алматыда көктемгі жүгіру жарысы ұйымдастырылады. Бүгіннен бастап бұл бәсекеге тіркелу басталды.   

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар