Футбол • 24 Ақпан, 2020

Футболдан Қазақстан кубогының кестесі жарияланды

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл футболдан өтетін Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың бастапқы кезеңінің кестесі жарияланды.

Футболдан Қазақстан кубогының кестесі жарияланды

Сол турнирге қатысатын 15 команда мына топтарда өнер көрсетеді:

«А» тобы: «Атырау», «Ақсу», «Оңтүстік Академиясы», «Екібастұз»;

«B» тобы: «Ақжайық», №8 СДЮСШОР, «Қыран», «Темірлан»;

«C» тобы: «Ақтөбе», Дидар Сыдықбектің ФО, «Арыс», «Рузаевка»;

«D» тобы: «Алтай», «Мақтаарал», «Игілік».

Бұл бәсекелер 16-26 наурыз аралығында Шымкентте өтеді. Әр топтың жеңімпаздары 1/8 финалға жолдама алып, Қазақстан Премьер-лигасында күш сынасатын командалармен кездеседі.