Айтулы жарыста Қазақстанның қос былғары қолғап шебері өнер көрсетеді. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі Нұртас Әжбенов филиппиндік Джей-Ар Магбумен күш сынасады. Нұртас осыған дейінгі өзінің сегіз жекпе-жегін де жеңіспен аяқтап, үш қарсыласын есінен тандырды.
Ал Филиппин елінің өкілі 24 рет рингке көтеріліп, 18 мәрте мерейі үстем болды. 4 рет ұтылып, тағы екі кездесуде тең есеп тіркелді. Бұл сегіз раундтық бәсеке болмақ.
Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий шаршы алаңға шығады. 12 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтап, 11 қарсыласын нокаутпен ұтқан жерлесіміздің қарсыласы әлі анықталған жоқ.