«Мемлекет басшысы Абайдың рухани мұрасын ой елегінен өткізіп, бүгінгі Қазақстанның даму жолындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап береді.
Аталған бағдарламалық мақаланың мазмұнын қалың жұртшылыққа толық жеткізу үшін оны орыс тіліне аудару қажет болды. Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да осындай ұсыныстар түсті. Сондықтан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мамандары мақаланы орыс тіліне аударып, қалың бұқараға ұсынып отыр» деп жазды Берік Уәли.