Медицина • 24 Ақпан, 2020

Жапониядағы круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда коронавирус таралған круиз лайнерінде төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жапониядағы круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді

«Кеше 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – Diamond Princess жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық»,- делінген министрліктің хабарламасында.

2020 жылғы 6 қаңтардан 23 ақпанға дейін елімізге 30 066 адам келді. Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 165 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 158 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 7 адам қалды.