Қазақстан • 25 Ақпан, 2020

20.02.2020 – осы күні елімізде 800-ден астам неке тіркелді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 20 ақпанда Қазақ­станда 834 жұп отбасын құрды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 593 жұпқа көп, яғни 2019 жылы дәл осы күні 241 неке тіркелген.

20.02.2020 – осы күні елімізде 800-ден астам неке тіркелді

Жас жұбайлардың көп­шілігі Алматы мен Нұр-Сұл­тан қалала­рында және Қарағанды облысында тіркелген. Атап айтқанда, Алматы қала­сында – 165, Нұр-Сұлтан қала­сында – 123, Қарағанды облысын­да – 103, ал ең аз жұп Аты­рау және Батыс Қа­зақстан облыстарында 8-9 жұп­тан тіркелген.

Әділет министрлігінің АХАЖ мә­ліметтеріне сәй­кес жас жұбай­лар­дың жас шамасына тоқталсақ, ең жас жұп – 16-22 жаста (қа­лың­дық 16 жаста, күйеу жігіт 22-де), ең жа­­сы үл­кен жұп – 65-70 жаста (қа­лың­­дық – 65 және күйеу жігіт – 70 жас­та).

Еgov порталы арқылы некеге тұруға өтініш берген жұптар саны 122-ні құрады.

Ал жыл басынан бастап 15 мың неке тіркелген. Қыс айларында шамамен 200-ге жуық неке тіркеледі.

Жас жұбайлар арасында осындай ерекше үйлескен сандары бар күндерді таң­дау көбінесе жазға сәй­кес ке­леді. Мысалы, 08.08.2008 жы­­лы 2044 неке тіркелген екен.