Жас жұбайлардың көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды облысында тіркелген. Атап айтқанда, Алматы қаласында – 165, Нұр-Сұлтан қаласында – 123, Қарағанды облысында – 103, ал ең аз жұп Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында 8-9 жұптан тіркелген.
Әділет министрлігінің АХАЖ мәліметтеріне сәйкес жас жұбайлардың жас шамасына тоқталсақ, ең жас жұп – 16-22 жаста (қалыңдық 16 жаста, күйеу жігіт 22-де), ең жасы үлкен жұп – 65-70 жаста (қалыңдық – 65 және күйеу жігіт – 70 жаста).
Еgov порталы арқылы некеге тұруға өтініш берген жұптар саны 122-ні құрады.
Ал жыл басынан бастап 15 мың неке тіркелген. Қыс айларында шамамен 200-ге жуық неке тіркеледі.
Жас жұбайлар арасында осындай ерекше үйлескен сандары бар күндерді таңдау көбінесе жазға сәйкес келеді. Мысалы, 08.08.2008 жылы 2044 неке тіркелген екен.