Саясат • 25 Ақпан, 2020

Әлемдік тәжірибе мен ұлт ерекшелігінің синтезі

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында бейбіт митинг, демонстрация, жиындар өткізуге қатысты дайындалып жатқан заң жобасы талқыланды. Жиынға мен де Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы, саясаттанушы ретінде қатысып, ойыммен бөлістім.

Әлемдік тәжірибе мен ұлт ерекшелігінің синтезі

«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйы­м­дастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заң 1995 жы­лы, яғни жаңа Конституция бекітілгенге дейін қа­был­дан­ған. Сондықтан өзгертулер мен түзетулерді қа­жет ете­ті­ні белгілі. Яғни, жаңа заң қабылдау – уақыт талабы.

Енді заң жобасының өзіне тоқталар болсақ, бірнеше жайтты ескеру керек. Алдымен, мұның жаңалық екенін айтпасқа болмас. Бұл – жаңа құжат қоғам талаптарына, өзгерістерге негізделіп жазылған. Екіншісі – сабақтастық. Жаңадан жазылған заң болса да барлығы бақылауда, үйлесімділік бар. Халықаралық тәжірибеге сүйене жазылған жаңа заңда халқымыздың ерекшеліктері, мәдениетіміз, азаматтық, құқықтық мәдениетіміз де үйлесім тапқан. Бұл тұрғыда жаңа заң жобасын халықаралық тәжірибе мен ұлт ерекшелігінің синтезі дей аламыз.

Сонымен қатар қатысушылардың санын нақты­ла­ған жөн. Өйткені 250 адамның аймаққа қатысты көп не аз болуы мүмкін. Адам санына келгенде мегаполистер мен ауыл-аймақтағы шектеулерді ескеруіміз қажет.

 

Сергей МОГУНОВ,

Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы, саясаттанушы