Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Қарағандыда «Aibyn-Arqa» клубының алғашқы отырысы өтті

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі жанынан былтыр құрылған «Aibyn-Arqa» әскери-патриоттық клубының бірінші отырысы өтті. Оның жұмысына  облыстық департаменттердің, ардагерлер ұйымдарының, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, оқушылар мен студенттер, сондай-ақ балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Қарағандыда «Aibyn-Arqa» клубының алғашқы отырысы өтті

«Aibyn-Arqa» клубының негізін қалаушы және үйлестірушісі Қуаныш Мақсұтов ұйымның бірінші отырысын өткізіп, өткен жылдың қорытындысын шығарып, 2020 жылға арналған жоспарды талқылағандарын атап өтті.

– Ардагерлер және қоғамдық ұйымдармен, әскери-патриоттық клубтардың жетекшілерімен, әскери білім беруді қамтамасыз ететін мектеп мұғалімдерімен келісе отырып, клубтың жаңа ережелері бекітілді, – деді ол.

Сонымен қатар, ол биылғы жылдан бастап клуб ай сайын қазақтың және бүгінгі Қазақстанның батырларын еске алу кешін өткізіп отыратынын хабарлады.

Осы жолы аталған клуб Әлия Молдағұловаға арналған әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды. Шара аясында батыр қыз атындағы спорт мектеп-колледжімен бірлесіп, Ұлы Жеңіс күніне арналған тақырыптық көрме өткізілді.

«Aibyn-Arqa» клубтары жастарға патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ жастардың Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерімен, Чернобыль апатының зардаптарын жоюшылармен бірлесе жұмыс істеу алаңқайын құруды мақсат етеді.

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар