Саясат • 25 Ақпан, 2020

Мұхтар Тілеуберді Женевада екіжақты кездесулер өткізді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі отырысының аясында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұхтар Тілеуберді Женевада екіжақты кездесулер өткізді

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Роберто Азеведомен кездесу барысында тараптар ағымдағы жылдың маусымында Нұр-Сұлтандағы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының дайындық барысын талқылады. Тұрақты және болжамды халықаралық сауда жүйесін құру және ДСҰ реформалау контекстінде форумның жоғары өзектілігі, сондай-ақ Министрлік форум қарсаңында өткізілетін ДСҰ мәселелері бойынша парламенттік конференцияның маңыздылығы атап өтілді.

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен өткен кездесуде сұхбаттасушылар Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жүйесінің ұйымдарымен ынтымақтастығын жандандыру перспективалары туралы пікір алмасты.

М. Тілеуберді екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Швейцария мен Финляндия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Игнацио Кассис және Пекка Хаавистомен кездесті.