Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Атырауда әскери қызметшілер 50 литрге жуық қан тапсырды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері жергілікті ауруханалардағы ауыр науқастарға қан тапсырды. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Атырауда әскери қызметшілер 50 литрге жуық қан тапсырды

Іс-шараға қатысқан әскерилердің басым бөлігі қан тапсыруға бірінші рет келген. Қызметтің тығыз кестесіне қарамастан, «Донор күні» акциясына қатысқысы келген әскерилердің қарасы 100-ден асты.

- Процедурадан бұрын әр донор қан тобын анықтау үшін алдын ала зертханалық тексеруден өтіп, қажетті сауалнамалар мен дерек құжаттарын толтырып, дәрігермен сұхбаттасты. Кейін 450 мл көлемінде қан тапсырды. Донорлық қан апаттардан зардап шеккендерге, қаламыздағы ауруханаларда жатқан науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылады, - дейді Батыс өңірлік қолбасшылығы медициналық қызмет офицері майор Аброр Исаходжаев.

Барлық донорға медицина қызметкерлері ыстық шай мен тәттілер ұсынды. Дәрігерлер мерзімді қан тапсырудың ағзаға пайдалы әсері бар дейді. Донорлардың ауруға шалдығу ықтималдығы аз және өздерін сергек сезінеді деп саналады.

Әскери қызметшілердің өздері осындай акциялардың қаншалықты маңызды екенін түсіне отыра, ұдайы насихаттап отыру қажет деп санайды, себебі оның арқасында біреудің өмірін сақтап қалуға болады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қайырымдылық шараларына үнемі қатысып отырады. Бүгінгі акцияның нәтижесі бойынша олар 50 литрге жуық қан тапсырды.