Қоғам • 25 Ақпан, 2020

Алматыда 2,5 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

467 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы атаулы әлеуметтік көмек көрсету барысына қатысты мәліметтермен бөлісті.

Алматыда 2,5 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

«Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында АӘК төлеу тетігін түзетуге байланысты Президент тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асқан әлеуметтік көмектің жаңа форматы әділ, ашық болуымен қатар, еңбекке ынталандыруы тиіс. Негізгі қағидат - мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмектесетін болады» деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап АӘК-ті жаңа формат бойынша төлеу үшін құжаттар қабылдануда. Бүгінгі күні АӘК-ті рәсімдеу жөнінде 10 500 ден аса адам кеңес алды, 4 256 өтініш қабылданды, 3401 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, 313 құжат учаскелік комиссияның қарауында. 2 533 отбасына АӘК төленді.

Өтініштерді қабылдау аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдерінде, Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және Алатау ауданының «Бақытты отбасы» орталығында жүзеге асырылады. Бұдан басқа, 2020 жылдан бастап қосымша аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін заттай қолдауды қамтитын кепілді әлеуметтік пакет қарастырылған.

Пакет бойынша: - мектеп жасына дейінгі балалар үшін (1 жастан 6 жасқа дейін) - балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтары; - мектеп жасындағы (6 жастан 18 жасқа дейін) балалар үшін жаңа оқу жылынан бастап - мектептерде ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу және жол жүру шығындарын өтеу. Айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған шараларынан бас тартқан жағдайда қарастырылмайды және балаларға белгіленген төлемдер жойылады. 2019 жылдың тамыз айынан бастап көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында «Іскер ANA» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасын жүзеге асыратын, «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істейді. Аталған бағдарлама бойынша 13 474 адам базалық тренингтерден өтті, 6 900 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. Бағдарламадан демеушілер мен меценаттар арқылы бизнесті ашу мүмкіндігі қарастырылған. 2019 жылы демеушілердің көмегімен 129 адам жеке кәсібін ашты.

Аз қамтылған отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығына 5 692 отбасы келіп, 3 686 бала әлеуметтік педагогтар қызметін алды. 776 адам – заңгердің, 3 766 адам – әлеуметтік қызметкердің, 1 166 адам – медицина қызметкерінің, 567 адам – психологтың қызметтерін пайдаланды. Көп балалы аналарға балаларымен бірге бассайндерге және фитнес-залдарына бару үшін 1298 сертификат берілді.

Тұрғын үй алуыдың қолжетімділігін арттыру аясында 661 көпбалалы отбасы тұрғын үй алса, оның ішінде 10 пәтер - демеушілік қаражат есебінен берілді. «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылармен 284 пәтер сатып алынды. «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы аясында 236 тұрғын үй берілді (116 – көп балалы отбасыларға, 93 – толық емес отбасыларға, 27 – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға).

Білім беру желісі бойынша көпбалалы аз қамтылған отбасылардан шыққан 564 бала үшін (2 баладан бастап) балабақшаларда тамақтануға ақы төленеді. Мектептерде 22 126 бала «жаппай оқыту» қорынан тегін тамақтанады. Қазіргі уақытта осы санаттағы балалар үшін мектеп формасын және кеңсе тауарларын сатып алуға қосымша қаржыландыру қарастырылуда.

 

 

АЛМАТЫ