Қоғам • 25 Ақпан, 2020

«Контрафакт» жедел профилактикалық операциясының нәтижесінде қылмыстық топ әшкереленген

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы жүргізген «Контрафакт» жедел профилактикалық операциясының нәтижесіне орай пәтер тонаумен айналысып келген қылмыстық топ әшкереленді.

«Контрафакт» жедел профилактикалық операциясының нәтижесінде қылмыстық топ әшкереленген

Осы операция барысында әшкереленген бес қылмыс ақпарат және байланыс саласымен байланысты. Онда 50 жасар азамат жасырын жазатын аудио-видео техниканы саудалаған. Одан флешка салатын орын мен заряд құрылғысы тәркіленген. Сондай-ақ екі азамат интернет алаңда элиталық пәтерді жалға беру жарнамасын таратып, қолымыз тимей жатыр деген желеумен электронды аударым талап еткен. Алматы қалалық ПД Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қылмыскерлердің тұтынушылардың қаржысын осылай алдап иемденіп келгенін айтып, бүгінде көптеген қылмыстар интернет арқылы жасалатындығына тоқталды.

Тараптардың бірін бірі көрмей саудаласуы, басқа да мәмілелер жасауы, танымайтын азаматтарға банк есеп шоттарын, реквизиттерін беру арқылы алаяқтық жолмен табыс табатындардан сақ болуға шақырған полиция өкілі жақында ұсталған әйел адамның интернет дүкеннен тауар алу барысында сатушы алмақ болып, сатушыдан картаның мәліметтерін сұратқан. Сатушы еш күдіксіз мәліметтерін бере салған. Содан соң карта мәліметтерін пайдалана отырып карта иесінің атына микронесие ұйымы арқылы несие рәсімдеткен. Карта иесіне ірі қаражат түскен соң хабарласып, ақшаны шатасып лақтырып жібердім деп Киви әмиян арқылы қайтарып беруін өтінген. Осылайша ол сатушының мойнына бірнеше жылға несие ілінген. Тағы бір алаяқ VPN құрылғысы арқылы әлеуметтік желілерде өзін шағын несие ұйымы қызметкерімен деп таныстырып, қорқыту арқылы әйел адамнан қаржы талап еткен.

 

АЛМАТЫ