Руханият • 26 Ақпан, 2020

«Егемен» – өміршең басылым

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғасырдан астам тарихы бар «Egemen Qazaqstan» газетін көптен бері оқып келеміз. Қазір де жыл сайын үйіме жаздырып аламын.

«Егемен» – өміршең басылым

Әрине ауылдық жерлерге газет кешігіп келеді. Оны кү­тіп отырмай, аптасына 6 рет шы­ғатын газетті таңертең интернет желісі арқылы қарап, күнделікті жаңалықтарға, мақа­лаларға шолу жасап шығамын. Таңертең га­­­зеттің сол күнгі санын қа­рағанда таң атпай 170-200 оқыр­­манның қарайтынына куә бо­­­лып жүрмін.

Ең алдымен, төл газе­ті­міз­де Пре­­зиденттің жар­лық­­тары, ше­ші­мі, тағы бас­қа тағайындаулар, Үкі­­мет­тің қаулылары нақты жа­­­рия­ланады. Ешқандай бас­­қа дәлдікті, хабарламаны қа­­жет етпейді. Со­нымен бірге «Әде­биет», «Ми­рас», «Жәдігер», «Зер­де» айдарларынан өзіме қа­жетті материалдарды алып, сақ­тап қоямын.

Жақында «Қазақстан» ұлт­тық телеарнасынан «Сен де бір кір­піш дүниеге» атты бағ­дарлама көр­сетілді. Төл газетіміздің Бас­қар­­­ма төр­ағасы Д.Қыдырәлі тіз­­­гін­ді өзі алып жүр­гізумен қа­тар, көрермендердің көптеген сұ­ра­ғына жауап берді. Осы жүз­­­десуден кейін де газет­тің өмір­шең­дігіне көз жеткіздім. Алаш қай­раткері А.Байтұрсынұлы айт­­қан­дай «Газет – ха­лықтың кө­зі, құлағы һәм тілі» болып қала бер­мек.

 

Гүлжан ТОҚМҰРЗИНА,

тарих пәнінің мұғалімі

 

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,

Қарабау ауылы