Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Алматы әкімі сәулетшілер және белсенділермен қаланың даму барысын талқылады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Instagram парақшасына қала сәулетшілері мен белсенділерімен өткен дөңгелек үстел туралы жазба қалдырған қала әкімі Б.Сағынтаев қазіргі кезде 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленіп жатқандығынан хабардар етті.

Алматы әкімі сәулетшілер және белсенділермен қаланың даму барысын талқылады

Қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылаған басқосуда Б.Сағынтаев «Алматының Бас жоспарына түзетулер енгізу бойынша жұмыс істеудеміз. Ол орталықтандыру қағидатына негізделген мегаполистің эволюциялық дамуының барлық негізгі тетіктерін қамтитын болады. Бұл ретте бізге ғұмырын сәулет саласына арнаған кәсіпқой мамандар қажет.

Мысалы, қазіргі кезде 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде. Олар негізгі сипаттары ғана емес, сонымен қатар эстетикалық толықтығымен де тартымды болулары тиіс.

Жалпы, біз «Алматы-2050» Стратегиясында ескерілген сәулеттік шеберліктің дамуына жаңа серпіліс беруді ниет етудеміз. Іскерлік кеңес жанындағы креативті индустрия комитеті қаланы дамытудың ағымдық және перспективалық мәселелері бойынша пікір алысатын пәрменді диалог алаңына айналуы тиіс»- деп атап өтті.

 АЛМАТЫ