Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Алматыда Спорт басқармасының басшысы жас хоккейшілердің ата-аналарымен кездесті

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге «Медведи» жеке хоккей клубының өкілі де қатысты деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматыда Спорт басқармасының басшысы жас хоккейшілердің ата-аналарымен кездесті

Балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланған басқосуда секциялардың сапасы, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелері қозғалды.

Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов «Қазіргі уақытта Алматы қаласында балалардың бұқаралық спортын дамыту, оның ішінде мектеп секциялары мен үйірмелерінің тұжырымдамасының әзірленіп жатқандығын жеткізіп,  дайын болғаннан кейін жұртшылықпен талқыланады»,- деп атап өтті.

Бірінші кезектегі мәселе –  балалар спортын дамыту екендігіне тоқталған Басқарма басшысы кәсіби хоккейді дамытар алдында балалар резервін қалыптастыру қажеттігін, сондай-ақ балалар спорты саласындағы шараларды күшейту спортта жоғары жетістіктерге серпін беретінін атап өтті.

Кездесуде сонымен қатар хоккей клубынан шығып қалған екі хоккейшінің жаттығуларын жалғастыратындығы мәлім болды.

 

 АЛМАТЫ