Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Түркістан: «Қамқорлық» жобасы аясында баспаналы болды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы көлемінде іске асырылып жатқан «Қамқорлық» жобасы бойынша Созақ ауданынан көмекке мұқтаж 67 отбасы анықталған. Бүгінде тұрмысы төмен отбасыларға, баспанаға мұқтаждарға  қажетті көмектер көрсетіліп келеді.

Түркістан: «Қамқорлық» жобасы аясында баспаналы болды

Қамқорлыққа мұқтаж жандардың бірі Құмкент ауыл округіне қарасты, Қызылкөл елді мекенінің тұрғыны Шегебай Сарыбаев жұпыны үйде тұрып келген. Аудан әкімдігі демеуші тауып, аумағы 120 шаршы метр болатын 6 бөлмелі үй алып беруге ұйытқы болды. Аудан тумасы, Шымкент қаласында кәсібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкер Сәкен Әшірметов Сарыбаевтар отбасына демеушілік танытып, қолдау көрсетті. Баспаналы болған Шегебай Сарыбаев қаңтар айында зейнетке шыққан. Отбасында 6 жан бар. Қызылкөл елді мекенінде орналасқан үй жарықпен қамтылған, таза ауызсу жүйесі жүргізілген. Ұзақ жылдар кеңшарда, өндірістік кооперативте жұмыс істеген зейнеткер игі іске ұйтқы болған азаматтарға алғысын айтып, ақ батасын берді.

Түркістан облысы