Әлем • 26 Ақпан, 2020

Мәскеу полицейлері бэтмобильдің көшірмесін тоқтатты

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде тәртіп сақшылары шетелдік фильмде көрсетілген жүргізушінің өздігінен құрастырған көлігін тоқтатты. Бұл туралы Ресей ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәскеу полицейлері бэтмобильдің көшірмесін тоқтатты

Ерекше автокөлік - «Бэтмен Суперменге қарсы» фильміндегі бэтмобильдің көшірмесі. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік комикс кейіпкерінің көлігіне ұқсас көлік зауыттан тыс жеке шеберханада құрастырылып жасалған.

«Сонымен қатар ол мемлекеттік органдарда тіркелмеген, көлік құралының түрін мақұлдау туралы куәлігі және тиісті рұқсаты жоқ», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Габариттің анағұрлым үлкендігіне және тіркеу нөмірінің болмауына байланысты көлік айыппұл тұрағына жіберілген.