«Әй, қарғам-ай, қазақтың керемет баласы екенсің, маңдайымызға сыйсаң жақсы ғой» депті Қажекең.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында тарих доңғалағын сәл-пәл кері айналдырып, 75 жылға шегініс жасап, ұлы дүбірдің елеусіз қалған бір мезетіне тоқталғымыз келіп отыр. Ақынның 1945 жылы өткен 100 жылдық тойында әдеттегідей ат бәйгесі, балуан күресі болғаны белгілі. Бір деректерде балуандар бәсекесінің финалында ақсуаттық Дәулен Әбікенов пен абыралылық Әшкен есімді қара күш иесінің белдесіп, бірінші балуанның басым түсіп, бас жүлдеге қойылған атан түйені әйгілі Қажымұқан Мұңайтпасовқа сыйға тартқаны туралы айтылады. Ал Дәулен Әбікенов бір естелігінде сол тойда өзінің бір жыл бойы арнайы дайындалған, шынжырланған балуанмен күресіп, жеңгенін тілге тиек етеді, бірақ аты-жөнін айтпапты.
(Суретте: Бірінші қатарда солдан оңға қарай үшінші Смағұл Рахымұлы, екінші қатарда солдан оңға қарай үшінші әкесі Рахым)
Біздің айтпағымыз, Абай Құнанбайұлының 100 жылдық тойындағы балуандар күресіне Абыралы өңірінің тумасы Смағұл Рахымұлының қатысқандығы жөнінде. Бұған дейін беймәлім болған бұл деректі бізге Смағұл балуанның бүгінде Алматыда тұратын туған қарындасы Үміт Қапалбаева жеткізді. «Әкем Рахым Мырзахметұлы Абыралы өңіріндегі Тезекбай қыстағында бақташы, анам Шарбан Әкітайқызы сауыншы болған. Әкем 96 жасында, анам 47 жасында өмірден өтті. Мені нағашы апам, анамның сіңілісі Сәкен Әкітайқызы тәрбиелеп өсірді. Ағам Смағұл 1918 жылы Келдібай қыстағында туған. Ресейдің Новосібір облысының Обь ауданында жұмысшылар факультетін бітірген соң бұрынғы Абыралы ауданының Қайнар ауылына жақын Көкшетау стансасындағы мектепте партия ұйымының хатшысы болған әрі мектепте математика пәнінен сабақ берген. Әкемнің бойы 2 метр, 10 сантиметр, ағамның бойы 2 метр, 15 сантиметр болған» дей келе ағасының 1945 жылы Абайдың 100 жылдық тойында балуандар бәсекесіне түскенін әңгімелеп берді.
(Суретте: солдан оңға қарай бірінші Смағұлдың әкесі Рахым)
Үміт Рахымқызының айтуынша, Смағұл балуандар сайысына Абыралы ауданының атынан қатысып, бірінші орын иеленіпті. «Жүлдеге түйе тіккен екен, ағам олжасын сол жерде күш атасы Қажымұқанға сыйлапты. Ал Қажымұқан тәбәрік ретінде бетін сүртіп отырған қол орамалын беріпті. Берген кезде: «Әй, қарғам-ай, қазақтың керемет баласы екенсің, маңдайымызға сыйсаң жақсы ғой» депті Қажекең. Ағам осымен тоқтамай сол күні тағы да күресіп, жүлдеге жорға алып, оны Айтқазы ағасының жұбайы, жеңгесі Сәуле Дөнентаеваға тарту етіпті. Өкінішке қарай, ағам осы күрестен кейін 7 күн тілсіз жатып, 27 жасында қыршын кетті. Шешемнің айтуынша, жауырыны қарайып кеткен екен. Көз тиген бе, сөз тиген бе, кім біледі?! Осыдан біраз жыл бұрын Қайнардың жанындағы Станса деген жерге ағамның құрметіне белгі қойдық» дейді балуанның қарындасы.
(Суретте: Рахым Мырзахметұлы)
Көпшілік бейхабар болса да, Смағұл балуанның Абайдың 100 жылдығындағы тойда күрескенін Абыралы өңірінің тумалары ұмытпай айтып жүреді. «Ол кезде мен 7-8 жастағы баламын. Еміс-еміс есімде қалыпты. «Смағұл Абай тойында күресті» деп әкем айтып отыратын. Менің әкем Абайдың 100 жылдық тойында әйгілі балуан Қажымұқан түскен киіз үйдің сойыс малын қарап, көмектесіп, күтушілік қызмет атқарған еді» дейді бүгінде Алматыда тұратын мемлекет және қоғам қайраткері, ұзақ жыл Алматы облысында басшылық қызметтер атқарған, Абыралы өңірінің тумасы Төлеужан Сәдіқұлов.
Үміт Рахымқызы сөз арасында «Атам Мырзахмет Байсүгіров Құнанбаймен бірге қажылыққа барған» деген тың мәліметті алға тартып, нағашыларының заманында «бай тұқымы» деп қуғын көргеніне тоқталды. «Мырзахмет Қайнардағы Қобыланды тауының қасындағы Келдібай қыстағында туған. Сол жер Николай патшаның мөрімен атама берілген екен. Кейін бұл жерге немере інісі Аман Қапақов, соңынан ұлы Сағын Қапақов ие болып қалады. Нағашы атам Әкітай ауқатты кісі болған. Омбы мен Орынбордан шеберлер алғызып, Жидебайда тастан бірнеше үйлер қалатыпты. Әкітайдың қоралары әлі күнге дейін сақталған. Ол кісі заманында сән-салтанат құрып, серілік ғұмыр кешіп, 12 қанатты киіз үй тігіп, тайпалтып жорға мінген. Сол жорғаларын бәйгеге қосқан. Кейіннен нағашы атамды «бай» деп көрсеткеннен соң қызы Сәкенді, ұлы Жақияны алып, Новосібірдегі Кунтаков деген тамырының үйін паналауға мәжбүр болады. Бір күні Новосібір базарында қайнарлық бір жерлесін кездестіріп, ол атамның мекенжайын сұрап, алып қалады. Сол күні түнде Әкітайды НКВД жендеттері алып кетеді. Нағашы атам кетіп бара жатып: «Мені базарда жолықтырған жерлесім көрсетіп жіберген болуы керек. Ұлды интернатқа тапсыр, қызға өзіңнің фамилияңды бер» депті шешеме. Осылайша, мені тәрбиелеп өсірген Сәкен шешем Кунтакова деген фамилия алған. 1955 жылы әкесін іздеп, Мәскеуге хат жазды. Үш айдан кейін «Әкеңіз КОМИ АССР-де түрмеде көз жұмды» деген жауап келді. Әкітайдың баласы менің ағам Смағұлмен Новосібірде барлау мектебінде оқыған екен. Соғысқа қатысты. Мені өсірген Сәкен апам суырып салма ақын болатын. Алматыда өткен ақындар айтысында гармонмен жыр сайысына түскен» деп тебірене еске алды.
Үміт апамыз әңгіме соңында Абайдың 100 жылдығында күрескен ағасы Смағұлдың таққан белбеуі Семейде сақталғандығын айтты.
Иә, расында, белбеу Семейде сақталған екен. Шолпан Қабдуәлиқызы Қапақовамен телефон арқылы сөйлескенімізде белбеудің бар екендігін, түсі жасыл, ұзындығы 3 метрге, ені жарты метрге жуықтайтындығын жеткізді.
«Бұл белдікті бізге Қабдуәли атамыз: «Ұлың Смағұлдай балуан болсын» деп ырымдап беріп еді. «Смағұл атамыз беліне екі мәрте ораушы еді» деп әкем айтып отыратын. Менің ұлым бұрындары осы белбеуді беліне 5-6 рет орап жүретін. Жарысқа қатысқанда ырымдап, белбеуді кимано ішінен киіп шыққан кездері де болды» деген Шолпан Қабдуәліқызы Смағұл мен Қабдуәлінің әкелері ағайынды екендігін тілге тиек етті.
Бір қызығы, Шолпан Қабдуәліқызының ұлының есімі де Смағұл екен. 1996 жылы дүниеге келген Смағұл Омарбеков Семейдегі Шәкәрім университетін бітіріпті. Бесінші сыныптан мектеп бітіргенге дейін қазақ күресімен, самбо, дзюдомен шұғылданып, талай жарысқа қатысып, жүлдегер атаныпты.
Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Спорт • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:23
Ұқсас жаңалықтар