«Олжас LTD» ЖШС қарасты №215 бес маршрут Алматы облысының Ынтымақ ауылынан Сүйінбай даңғылындағы Түрксіб базарына дейін қатынайтын болады. Екі бағытқа барып-қайту 120 минут. Екі бағыттың арақашықтығы 40 шақырым. Автобустардың қатынау аралығы – 24 минут. Жұмыс кестесі 6.00-де басталып, 22.40-та аяқталады. Тасымалдаушы мәліметтері бойынша, 2016 жылы шыққан автобустар қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.
Ал №226 бағыт «Думан транс» ЖШС-не тиесілі. Жаңатұрмыс ауылынан Наурызбай ауданындағы Гроза аялдамасына дейін келеді. Бұл бағыттағы көліктер кешкі 23.00-ге дейін күніне 8-9 рейс жасайды. Автобустардың қатынау аралығы 10-14 минут.
Қала әкімдігінің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылы 24 жаңа автобус бағыттары іске қосылып, 291 көлік жүретін болады. Осыған орай қала әкімшілігі электроавтобустар және газбен жүретін көліктерге басымдық беретін болады.
АЛМАТЫ