Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Жаңа жатақхана 288 студенттің баспана мәселесін шешеді

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы «Қаратал» шағын ауданы аумағында салынып жатқан жастар жатақханасы жақын күндері қолданысқа беріледі. Жаңа нысан 288 студенттің баспана мәселесін бірден шешетін болады.

Жаңа жатақхана 288 студенттің баспана мәселесін шешеді

Бүгін жатақхана ғимаратындағы құрылыс барысын көріп, жұмыс сапасын тексерген облыс басшысы Амандық Баталов бірқатар ескерту жасады. Бас жоспарда көрсетілгендей, мұнда жатақхана маңы ғана емес, оған іргелес орналасқан аумақтың барлығы Ардагерлер паркіне дейін тұтас абаттандырылмақ. Онда балалар ойын алаңдары, ересектердің тынығатын орын, жүгіру жолы, воркаут, спорт алаңы сияқты барлық қажеттіліктер қарастырылатын болады.

Облыс басшысы ғимараттың ішін аралап көріп, фойені безендіру мен жабдықтау туралы ұсыныстарын айтты. Сол сияқты жатын бөлмелердегі қос ярусты төсектің сапасын сынға алып, заман талабына сай басқа кереуетпен ауыстыруды тапсырды. Асхананы, оқырман залын, кинозал, демалыс бөлмелерін аралады. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаевқа оқу орнының инженерлік желілерге және басқа да техникалық жағынан жауапты мамандарының ғимаратты тыңғылықты қабылдап алуын тапсырды.

 

Алматы облысы