Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Ұлттық кітапханада Алтын Орданың 750 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты дөңгелек үстел өтті.

Ұлттық кітапханада Алтын Орданың 750 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Шараны Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, сөз кезегін модератор – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдиновке берді. Дөңгелек үстел аясында т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Берекет Кәрібаев, т.ғ.к., профессор Дәулетхан Әлімғазы, т.ғ.д., профессор Мәмбет Қойгелдиев, PhD докторы Жігер Жәнәбілұлы, т.ғ.к., Ернар Үшкенов, т.ғ.д., профессор Асылбек Избайров, э.ғ.д., профессор Әбен Нұрманов және тағы басқалар «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тақырыбында сөз қозғап, тарихи деректерге тоқталды.

Шара аясында Ұлттық кітапханасы қорынан «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ақын - жазушылар, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері, Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.