Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

2019 жылы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы 11789 қызмет көрсеткен

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан баспасөз клубында «Алматы қаласы Наурызбай ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталық» жобасының орындалуы мен орталықтың 2020 жылғы жұмысымен таныстыру мақсатында баспасөз конференциясы өтті.

2019 жылы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы 11789 қызмет көрсеткен

Өткен жылы еліміздегі көп балалы және аз қамтылған отбасылардың өмірлік қиындықтары мен мәселелері мемлекет пен қоғам тарапынан белсенді әлеуметтік қолдау тапты. Наурызбай ауданының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының жұмысы осы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді және нәтижелі нысанының біріне айналды.

Баспасөз конференциясында әлеуметтік орталықтың жетекшісі Сана Жандай бұл жобаның өзектілігін атап өтіп, 2019 жылғы «Бақытты отбасы» орталығы жұмысының нәтижелерімен таныстырды. «2019 жылы төрт айлық жұмыс барысында орталыққа 1246 адам тіркелді, 11789 қызмет көрсетілген. «Атамекен» ҚР ҰКП бағдарламасы бойынша 78 адам оқып, жоспарларын қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болды. Өз кезегінде Нағигүл Бейсембина «Орталықтың жұмысы барысында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әр мүшесі тап болатын нақты өмірлік қиындықтарын көрдік. Бұл біздің орталықтың Наурызбай ауданы мен жалпы қаланың барлық мемлекеттік құрылымдарымен белсенді және өзара әрекеттесуіне ықпал етті. Мұндай отбасыларлардың көптеген мәселелері жалпы психологиялық, заңдық және әлеуметтік сауатсыздықтарынан туындайды, сондықтан 2019 жылы «Бақытты отбасы» орталығының жұмысы мұқтаж адамдарға дер кезінде көмек берудің қаншалықты маңызды екенін және адамның өмірін өзгертуге болатынын көрсетті», деп атап өтті.

 

АЛМАТЫ